Ғылым

. .

Проекты и разработки66666

Жобалар мен даму

Зертханалар

p-n-өткелдер жасауға және иондық-сәулелік тұндыру әдісімен қабыршақтар өсіруге арналған жеңіл және ауыр иондар үдеткіші.
Зертхананың негізгі мақсатының белсенділігі іргелі зерттеулерді жаратылыстану ғылымдары, химиялық технологиялар, мұнай химиясы және металлургия салаларында жүргізілуі болып табылады.
Жаңа перспективалы өнімдерді және даму бағыттарын іздеу. Проблемалық мәселелерді жүйелі зерттеуге негізделген машиналар мен жабдықтар өндірісінің бағыттарын дайындау бойынша ұсыныстар әзірлеу.
«Бір белдеу – бір жол» мемлекеттік бастамасын іске асыру үшін Азия, Еуропа энергетикалық университеттерімен және мұнай компанияларымен серіктестікте ғылым,
 
Киберқауіпсіздік зертханасы 2018 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан-Британ техникалық университетінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетімен бірге киберқауіпсіздік консорциумы жүйесінде құрылды.
«ҚБТУ» АҚ Салыстырып-тексеру зертханасының негізі 2014 жылы қаланған. 2015 жылдан бастап өлшем құралдарын метрологиялық қамтамасыз ету және

ҚАЗАҚСТАН-БРИТАН ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ

«ҚБТУ Хабаршысы» ғылыми журналы төрт ғылыми-зерттеу бөлімнен тұрады: “Мұнай-газ инженериясы”, “Химия-технологиялық ғылым және экология”, “Физика-математикалық және техникалық ғылымдар”, “Экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар”.

Әр нөмірдің шығарылуы ғалымдардың таусылмас қуаты мен зерттеушілердің көкейкесті мәселені зерделеудегі ғылыми әлеуетінің нәтижесі екенін айта парыз.

Шығарылымда жаңа теориялар мен тәсілдердің дамуына өз ықпалын тигізетін, эмпирикалық тәжірибесі мол отандық зерттеушілердің еңбектері ғана емес, сонымен қатар алыс, жақын шетелдердегі ғылыми мектеп өкілдерінің де зерттеулері жарияланады. Яғни, ғылым мен индустрияның өзара байланысы тоғыса  жүзеге асырылады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Төртiншi өнеркәсiптiк революция шарттарындағы дамудың жаңа мүмкiндiгi” атты Жолдауында жастардың ғылыми-зерттеу және өнеркәсіптік-технологиялық ортамен үйлесуінің маңыздылығы туралы айтылған. Осы тұста маған ерекще үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр: өз сөзімді дарынды жастарға арнаймын. Қымбатты студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар, сіздердің зерттеу еңбектеріңізден маңызды ғылыми серпіліс, өзгеше тәсіл және болып жатқан  үдерістерге деген жаңа көзқарас айқын көрінеді.

Сіздерге шабыт, ғылыми жеңiстер және жетiстiктер тілеймін! Біз әрқашан да сіздердің ғылыми ізденіс жұмыстарыңыздың басылып шығарылуына мүмкіндік беруге дайынбыз. 

Ізгі  тілекпен,

Бас редактор

 ҚБТУ Ректоры К.Н. Ибрашев

Толығырақ