. .
  • ҚБТУ магистранттары мен студенттерінің үйі (МжСҮ) – бұл өмір сүру, оқу және демалу үшін барлық жағдай жасалған жайлы жиһаздалған бөлмелері бар жаңа буын жатақханасы.
  • МжСҮ 852 орындық 4 тұрғын корпусты қамтиды. Жайлы 1, 2-, 3-және 4-орынды бөлмелер оқу үшін жалпы кеңістіктер сияқты жиһаздалған, интернет-қосылыммен (wi-fi) қамтамасыз етілген. Тұрмыстық үй-жайлар кір жуғыш машиналармен және үтіктеу тақталарымен жабдықталған. Оқу залында бай кітапхана, оның ішінде мерзімді басылымдар жинақталған. Жыл сайын жиһаз бен тұрмыстық техника жөнделіп, жаңартылып отырады.
  • Инфрақұрылым және бос уақыт
  • Инфрақұрылымы дамыған ауданда орналасқан тұрғын үй кешенінің жалпы аумағы-1 гектардан астам. Жқын маңайда супермаркеттер, банкоматтар, дәріханалар, автобус аялдамалары және т.б. оңай табуға болады. Табиғаты ерекше жайлы атмосфера жасайды: үйдің ауласында қарағай, бөртегүл және арша өседі.
  • Жатақханада демалыс және тамақтану мәселелері де шешілді. Екі асхана жұмыс істейді, онда арзан және дәмді тамақтануға болады. Демалыс бөлмелері кабельдік теледидар, жаттығу залы, үстел теннисімен жабдықталған. Аулада күркелер мен шағын футбол алаңы бар.
  • Медициналық көмек және қауіпсіздік
  • МжСҮ-да білікті дәрігер кезекшілік етеді, ол әрқашан алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге және денсаулық проблемалары жағдайында кеңес беруге дайын. Корпуста сондай-ақ студенттерді асқынған аурулар кезінде көшіру үшін арнайы изоляторлар бар.
  • Кешен аумағында қауіпсіздіктің жоғары деңгейі қамтамасыз етіледі, оның ішінде бейнебақылау камералары жұмыс істейді, арнайы ID-карталар бойынша қатаң өткізу жүйесі жұмыс істейді.

 

  • МжСҮ-ға орындарды бөлу тәртібі
  • Магистранттар мен студенттер үйінде орын саны шектеулі, сондықтан келесі санаттарға басымдық беріледі:
  1. Мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі студенттер, бала кезінен мүгедектер, 1. I және II топтағы мүгедектер, мүгедек балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар (екі немесе бір ата-анасының мүгедектігі болған жағдайда);
  2. Кәмелеттік жасқа жеткенге дейін ата-аналарынан қамқорлығынсыз қалған жастар арасынан адамдар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектерге теңестірілген адамдар, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қандастар.
  3. Мәңгілік ел жастары-индустрияға! "("Серпін-2050»);
  4. Көп балалы отбасынан 1 курс студенттері (төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалар));
  5. "Алтын белгі" белгісі бар 1 курс студенттері; Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиада және (немесе) конкурс жеңімпазының сертификаты, сондай-ақ оқу орнын "үздік" бітірген талапкерлер білімі туралы растайтын құжаты бар (куәлік, аттестат, диплом));
  6. Мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес бірінші курсқа қабылданған, ұйым өткізген Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу қорытындысы бойынша жоғары балл алған студенттер.
  7. Оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыста жоғары нәтижелері бар жоғары курс студенттері.
  • ҚБТУ тұрғын үйге мұқтаж басқа қаладан келген студенттерге Тұргут Озал көшесі, 70-үй мекенжайындағы Магистранттар мен студенттер үйінд (МжСҮ) орын береді.
  • Қоныстандыру кезінде қажет құжаттар тізімі:
  1. Жатақханадан орын беру туралы өтініш.
  2. Жеке куәлік.

          Қоныстандыру процесі:

  1. Дәрігерлік рұқсатнаманы алыңыз.
  2. Ордерді алыңыз.
  3. МжСҮ-мен шарт жасасыңыз.
  4. ҚБТУ банкілік деректемелері бойынша қажетті соманы аудару.

Төлемақы:

1 адамдық бөлме (1 орын үшін) -               35 000 теңге/айына

2 адамдық бөлме (1 орын үшін) -               25 000 теңге/айына

3 адамдық бөлме (1 орын үшін) -               20 000 теңге/айына

4 адамдық бөлме (1 орын үшін) -               16 500 теңге/айына

 

Жетім, ата-ана қамқорынсыз қалған студенттер үшін тұру ТЕГІН.

Аз қамтылған отбасынан және көпбалалы отбасынан шыққан студенттер, дамуында кемістігі бар, мүгедек студенттер, сонымен қатар ата-анасының біреуі 1,2 топ мүгедегі болса, бекітілген төлемақыдан 50% жеңілдік беріледі.

 

Реттік

корпус

Мекен-жай

Бөлме саны

Орын саны

1

корпус №1

Тұрғыт Озал көшесі, 70

75

197

2

корпус №2

Ислам Каримов көшесі, 70к2

72

168

3

корпус №3

Ислам Каримов көшесі, 70к1

72

168

4

корпус №4

Тұрғыт Озал көшесі, 80

144

319

 

 

Барлығы:

363

852

 

 

Байланыс мәліметтері

Директор

Шопанов Мухтар Сабурович

373 97 62

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

 

 

Комендант

Жумабаева Улшат Тәлімқызы

301-93-51

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету секторы

 

301-93-82