. .

26 қазанда ҚБТУ-дағы шетелдік студенттер тобы Медеуге саяхат жасады, онда тимбилдинг ұйымдастырылды.

Саяхатқа ҚБТУ-дың Ақпараттық технологиялар, Энергетика және мұнайгаз индустриясы, Геология және геологиялық барлау факультеттерінде, сондай-ақ Бизнес мектебінде оқитын Йемен, Сомали, Нигерия, ҚХР, Оңтүстік Корея, Ауғанстан, Тәжікстан, Моңғолия және Өзбекстан елдерінен келген 35 студент бірге шықты.

Тимбилдинг достық қарым-қатынас жағдайында өтті және ұлттық би билеу, гитарамен ән салумен аяқталды.

Бүгінгі таңда ҚБТУ-да 82 шетелдік студент білім алуда.