. .

 

Тағы бір керемет жаңалық! ҚБТУ білім беру бағдарламалары "Атамекен" ҰКП білім беру бағдарламаларының ТОП рейтингісіне енді!

1 орын: Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, Автоматтандыру және басқару, Мұнай-газ ісі.
2 орын: Ақпараттық жүйелер, Экономика
3 орын: Математикалық компьютерлік модельдеу, Менеджмент, Қаржы
4-5 орын: Органикалық заттардың химиялық технологиясы, Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау.

Аталған рейтинг түлектердің мансаптық болашағы (жұмысқа орналасу мен жалақы деңгейін талдау), сараптамалық бағалау, статистикалық деректер мен білім алушылардың жетістіктері бойынша қорытындыларға сәйкес жасалды.

Толық тізіммен "Атамекен" ҰКП сайтында таныса аласыздар.