. .

 

14 қарашада Қазақстанда ICPC 2020-2021 студенттері арасында бағдарламалау бойынша беделді әлем чемпионатының аймақтық ширек финалы өтті.
 
Жарысқа 8 түрлі университеттерден 80-нен астам команда қатысты. Командаларға 5 сағат ішінде 14 мәселені шешуге тура келді.
Ширек финал турнирінің қорытындысы бойынша Қазақстан-Британ техникалық университетінің бес командасы 7-9 есепті шешіп жартылай финалға шықты.
Біздің жігіттер Ресей, Беларуссия, Әзірбайжан, Грузия, Армения және Солтүстік Еуразия аймағының басқа елдерінің командаларымен 13 желтоқсанда онлайн режимінде өтетін жарыстың жартылай финалында "шайқасады".
 

Жігіттерімізді құттықтай отырып, жартылай финалда сәттілік тілейміз!