. .

ҚБТУ Бизнес мектебінің командасы CIMA халықаралық агенттігінің CGMA Emerging Leaders Competition сайысында сәтті өнер көрсетті.

18 қыркүйекте өткен CGMA Emerging Leaders Competition 2020 танымал бизнес-сайысында StrategyX ҚБТУ командасы ТМД және Шығыс Еуропа командаларының көпшілігінен озып өтіп, сәтті өнер көрсетті. Бұл - болашақтың ең үздік жас бизнес көшбасшыларын анықтауға арналған сайыс. Университет студенттері үшін CGMA Emerging Leaders Competition - бұл қаржы және бизнесті басқару саласындағы жас таланттарды көрсету мүмкіндігі.

StrategyX командасының құрамы: Айгерим Разбекова (3-курс, «Менеджмент» мамандығы), Ботажан Аманбаева (3-курс, «Қаржы» мамандығы), Айдана Даненова (3-курс, «Менеджмент»), Ерасыл Бақтыгерей (3-курс, «Қаржы»).

CIMA (Chartered Institute of Management Accountants) - бухгалтерлік есеп, қаржы және стратегиялық менеджмент саласындағы кәсіби мамандарды даярлайтын ірі халықаралық ұйым болып табылатын, басқарушылық есеп жөніндегі мамандардың сертификатталған институты.