Құрметті әлем азаматтары !

Күн сайын өз кеңсемнің терезесінен ғажап Тянь-Шянь тауларына қарап

әсем қала Алматыда болғаным қандай ғанибет деп ойлаймын.

Егер сіз мұны оқысаңыз – мен сияқты, сізде әлемдік деңгейдегі білімге  қызығушылық танытқаныңыз.

Қазақстан Еуразия жүрегінде орналасқан 21 ғасырдың шын мәнінде халықаралық университетінде жұмыс істеу бақыты бұйырыпты.

Бізде 120 ұлт өкілдері жүздеген жылдар бойы толық үйлесімде өмір сүретін көпұлтты бейбіт елміз.

Қазақтар өте қонақжай халық мені құшақ жая қарсы алды, олар сізді де мен сияқты жылы қабылдайды деп сенемін....!

Сіз, әрине, біздің веб-сайтты көрдіңіз, сондықтанда менің Қазақстан-Британ техникалық университетінде (ҚБТУ) жұмыс істейтінімді білесіз. Орталық Азиядағы № 1 техникалық университет және экономикалық мектеп, сондай-ақ өңірдегі жетекші бизнес мектептерінің бірі.

Міне, сіз үшін бірнеше қызықты фактілер:

  • Біздің барлық курстар ағылшын тілінде оқытылады.
  • Біздің оқытушылар құрамы 70 астам Халықаралық мәдениеттен тұрады. Біз әр түрлі және серпінді қоғамдастығымыздың жаңа мүшелеріне әрқашан қуаныштымыз.
  • Бізде әлемнің жетекші оқытушылары мен мамандары студенттерді оқытатын сегіз мектеп бар. Біздің профессорларымыздың көбі Батыс университеттерінде кандидаттық диссертацияларын қорғады.
  • Біздің ғалымдардың мақсаты Орта Азия және одан тыс жерде орналасқан білімгерлерге әлемдік деңгейдегі, қолжетімді білім беру.

 

ҚБТУ мектептері / факультеттерінің кейбір бірегей және көрнекті сипаттамалары

 

Халықаралық Экономика мектебі 

 

  • Әлемнің үздік университеттерінің бірі, Лондон университеті біздің серіктес болып табылады. Ал, біз Лондон университетінің біліктілік дәрежесін Алматы қаласында ұсынып отырмыз. Біздің экономикалық мектеп дәрежесімен студенттер Лондон экономика мектебі, Оксфорд, Кембридж, Массачусетс технологиялық институты және Гарвард университеті сияқты әлемнің үздік университеттерінде оқуын жалғастыра алады.

 

 

 

 

ҚБТУ Бизнес мектебі

 

  • Бизнес-мектеп беделді халықаралық ACBSP аккредитациясын алды. (бизнес-мектептер мен бағдарламаларды аккредиттеу жөніндегі кеңес)
  • Орталық Азиядағы алғашқы аккредиттеу алған ҚБТУ бизнес-мектебінің бағдарламалары ACCA және CIMA аккредитациясына ие. Қаржылық талдау саласындағы MS бағдарламамыз CFA – Орталық Азиядағы әріптестік мәртебесі бар жалғыз бағдарлама деп танылды. 
  • Сонымен қатар, Орталық Азиядағы бірінші толық интеграцияланған Bloomberg кәсіби зертхана бар.
  • ҚБТУ (бизнес-мектеп) Гарвард университетінің Орталық Азиядағы бәсекеге қабілетті Микроэкономика орталығындағы жалғыз филиал болып табылады.
  • KBTU (Business School) is the only affiliate of Harvard University Microeconomics of Competitiveness Center in Central Asia

 Қазақстан Теңіз Академиясы 


  • ҚБТУ – оқыту аясында ҚТА-ның бірегей студенттеріне Роттердамда, Нидерланды орналасқан серіктестерімізбен өздерінің дағдыларын дамытуға мүмкіндік беріледі, онда олар қауіпсіздік техникасы бойынша бастапқы базалық даярлықтан өтіп, оқу кемесінің бортында алғашқы теңіз оқытудан өтеді.
  • ҚТА академиялық бағдарламасы теория мен практиканың үйлесімінен тұрады. Төрт оқу бағдарламасы жыл бойы Chevron Shipping, COSCO Shipping, Topaz Marine, Caspian Offshore Construction және KMTF сияқты кеме қатынасы компанияларында, шетелде және ел ішінде теңізде оқыту мүмкіндігін ұсынады. Курсанттар бағдарламаның үшінші жылында  теңізге шығады.
  • Қазақстан теңіз академиясының түлектері тамаша дағдылардың, жинақталған білімдердің және күрделі жағдайларда проблемаларды шеше білудің арқасында теңіз және қызмет көрсету салаларындағы жергілікті әрі шетелдік компанияларда жұмыс істейді.

 

Ақпараттық технологиялар факультеті 

 

  • ҚБТУ Ақпараттық технологиялар бағдарламалары ABET (техника және технологиялар бойынша Аккредиттеу Кеңесі) аккредиттелді. Біз осы беделді халықаралық аккредитацияға ие болған алғашқы Қазақстандық университет болып табыламыз.
  • ҚБТУ АТ –  мектептерінің бірнеше түлектері Калифорния штаты, АҚШ Силикон алқабында жұмыс тауып, Facebook және Twitter сияқты компанияларда инженер болып жұмыс істейді. Біздің ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері оқу кезінде (3-ші курстан бастап, кейбір жағдайларда 2-ші курстан бастап) Қазақстандағы танымал IT-компанияларда аптасына бес күн жұмыс істей алатын бірегей оқыту үлгісін ұсынады.
  • Олар (айына 400 доллардан бастап, соңғы оқу жылы 2000 долларға дейін) қаражат табады.
  • Ең қызығы, студенттердің ақылы жұмысы олардың оқу несиесі ретінде ескеріледі. Студенттер жұмысы үшін баға алып демалыс кезінде немесе кешкі сабақтарға қатысады. Оқу кезінде студенттердің алмасу бойынша студент ретінде бірнеше елдерге саяхат жасауға және Халықаралық зияткерлік конкурстарға қатысуға мүмкіндіктері бар. Дегенмен тек зерек және жақсы үлгеруші студенттер ғана жоғарыда көрсетілген мүмкіндіктерді ала алады.

 

Математика және кибернетика факультеті

   

  • Біздің математикалық және кибернетикалық бағдарламаларымыз өте мықты дамыған. ҚБТУ бүкіл әлем бойынша студенттер мен зерттеушілерге әлемнің үздік математиктерінің білімі мен тәжірибесін пайдалануға және кез- келген ғылыми салада сенімді әрі кепілді мансап құруға немесе озық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. ҚБТУ математика және кибернетика факультеті Математикалық және компьютерлік моделдеу бойынша жоғары білікті мамандарды дайындаумен айналысады. Біз қолданбалы математика бойынша докторантураға арналған бакалавриат бағдарламаларын ұсынамыз.

 

 

Энергетика және мұнай-газ индустриясы факультеті

 

  • Қазақстан қазба отынына бай ел болып табылады (әлемдегі мұнай және газ қорлары бойынша 15 – топтың ішіне кіреді) және бұл ресурстарды ҚазМұнайГаз, ENI, Shell, Chevron және т.б. сияқты ұлттық және халықаралық компаниялар әзірлейді және өндіреді. Біз оқуға түсетін студенттер үшін үш деңгейлі білім ұсынамыз. (бакалавриат, магистратура және докторантура) осылайша олар осы салада жұмыс істеу үшін қажетті құзыреттерді ала алады.
    Біздің көптеген түлектер Қазақстанда және шетелдік компанияларда табысты жұмыс істейді. Біз сондай-ақ, халықаралық университеттердің тәжірибелі сала мамандары мен оқытушыларын студенттерді оқыту үшін шақырамыз. 
    Біз инженерлер мен техниктерді оқытып қана қоймай, сондай-ақ мұнай және газ саласы бойынша мамандандырылған MBA бағдарламаларын ұсынамыз. Көптеген елдерде және нарықтарда ҚБТУ түлектері – ашу мен бұрғылаудан бастап, өндіру мен өңдеуге дейін маңызды рөл атқарады. Мұнай және газ саласында маманданған біздің бизнес-мектептің түлектері халықаралық нарық пен бизнестегі өзгерістер жайлы әрқашан хабардар.

 

Геология және геологиялық барлау факультеті

 

  • ҚБТУ Геология және геологиялық барлау факультеті – Қазақстандағы ең үздік. КБТУ – әлемдегі ең ірі Британдық Теңіз Инженериясы, Ғылым және техника институты растаған және біздің факультетіміздің екі мамандығы бойынша Ұлыбритания инженерлік кеңесінің лицензиясы мен Корольдік дипломы бар, халықаралық аккредитациядан өткен жалғыз жергілікті университет.

 

 

 

 

 

Химиялық инженерия ғылыми-білім беру орталығы

   

 

  • ҚБТУ Химиялық инженерия және химияның басқа да салалары бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламаларымен қоса өте қызықты сәйкестендірілген курстарды ұсынады.

 

 

 

 

Мен бүгінгі таңда теңдессіз академиялық және кәсіби бағдарламалары –  әрі бизнеспен және өнеркәсіппен ерекше тығыз байланыстағы серпінді іскер оқу орнын көрмедім.

Университеттің барлық консультативтік кеңесі жетекші бизнес-көшбасшылардан тұрады, университетте үздік ғалымдар мен сарапшылар жұмыс істейтін арнайы комитеттер бар. Басқарма мен сарапшылар бизнес пен өнеркәсіптің қажеттіліктерін ескере отырып, ҚБТУ академиялық курстары мен бағдарламаларын әзірлеуге басшылық етіп, кеңес береді және көмектеседі. Біздің серіктестеріміз студенттік гранттар мен тағылымдамаларды ұсынып, көптеген түлектерімізді жалдайды.

ҚБТУ – түлектерінің 98 пайызы университетті бітіргеннен кейін көп ұзамай жұмыс табады.

ҚБТУ – Сіздің жетістігіңіздің кілті болуы әбден мүмкін. Біз шетелдік студенттерді қолдай отырып, өзара тиімді серіктестік қарым-қатынастар мен алмасуларды негізге аламыз.

ҚБТУ– ға келіп, студент атанып, ең үздік Британдық білім алыңыздар, оған қоса біздің қазіргі жатақханада тұрып, Қазақстанның мәдениетімен танысыңыздар.

 

Мухаммед Шераз Интернационалдандыру және қоғаммен байланыс жөніндегі проректор 

Электронды почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.