. .

 

Құрметті оқытушылар!

Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты ҚБТУ – да 2020-2021 оқу жылының күзгі семестрінде оқуды қашықтықтан өткізу жоспарлануда.

Сабақтар Microsoft Teams 365 платформасында дәрістер, практикалық сабақтар және зертханалық сабақтар форматында бекітілген кестеге сәйкес толық көлемде өтеді.

Жаңа оқу жылына дайындық аясында 2020 жылғы 25 тамызға дейін Uninet-ке және Microsoft teams-те құрылған сыныптарға өз пәндеріңіз бойынша оқу-әдістемелік кешенді жүктеуді сұраймыз.

Пәннің оқу-әдістемелік кешені келесі компоненттерден тұрады:

1. Бекітілген силлабус

2. Дәрістер кешені

* Асинхронды оқыту кезінде дәріс кешеніне алдын-ала жазылған видеолекциялар немесе дауыс жазбасы бар power point дәрістері кіреді .

* Синхронды оқыту кезінде дәріс кешені power point, pdf форматындағы материалдарды, дәрісті жазуға сілтемелерді және т. б. қамтиды.

3. Білім беру ресурстары – электронды оқулық, дәріс конспектілері, үлестірме материалдар және т. б.

4. Тапсырмалар -  тақырыпқа сай айдарлары бар нұсқаулықтар, орындалған жұмыстың мысалы;

5. Емтихан - мидтерм / қорытынды емтиханның сипаттамалары, талдау, жауаптары/шешімдері бар бұрынғы емтихан сұрақтары.

Үйде қажетті техникалық жабдық болмаған жағдайда, оқытушылар ҚБТУ кампусында әлеуметтік қашықтықтың қатаң шарттарын және 5 кезеңдік дезинфекция жүйесін сақтай отырып сабақ өткізе алады деп болжануда. Университет қажетті жұмыс жағдайларымен:

- компьютерлік техника;

- кеңжолақты интернет;

- маркерлік тақталар;

- қосымша жұмыс кабинеттері;

- дәрістердің бейнежазбасын жасау мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.

​Індетті жұқтыру қаупі жоғары оқытушыларға (65 жастан асқан және созылмалы аурулармен ауыратын) сабақтарды үйден байланысып өткізу ұсынылады. Сонымен қатар, мұндай ПОҚ үшін уақытша пайдалануға арналған компьютерлерді алу мүмкіндігі бар.

Техникалық жабдыққа және интернет байланысына қойылатын техникалық талаптармен (pdf) алдын ала танысу қажет.