ДЕКАН ЛЕБІЗІ

Құрметті талапкерлер және сайт қонақтары!

"Химиялық инженерия" Ғылыми білім беру орталығы туралы білгісі келгендердің барлығына ақпарат беруге қуанышты боламыз! Біздің интернет-саяхатымыз Сіздерге пайдала болады деп сенеміз.

Мектеп оқушылары мен талапкерлер біздің Орталығымыздың мүмкіндіктері, шарттары және оқыту сапасы туралы  біліп,   химиялық инженерия саласында мейлінше  сұранысқа ие маман болу үшін  кім болып шығу  қажет,  нені білу  және  қай жерде оқу қажеттігі жөнінде таңдау жасай алады! Магистранттар және докторанттар ХИ ҒБО-ның ғылыми жетістіктері мен келешек дамуы туралы ақпарат алады.

ХИ ҒБО-ны таңдау – лайықты таңдау! Неліктен?

Құрылған күнінен бастап Орталық  ғылыми-білім беру қызметін табысты жүргізіп келеді және 500-ге жуық химик-технологтарды даярлап шығарды.

ХИ ҒБО-ның  бакалавриат бағдарламасы  ҚБСҚТА (Қазақстандағы білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша  тәуелсіз агенттік) рейтингіне сәйкес   соңғы 8 жыл бойы   Қазақстандағы ең үздік ретінде мойындалды, халықаралық  аккредитация (IMAREST, Royal Engineering Council, UK) алуда және  BTEC халықаралық агенттігімен бағдарламаларды лицензиялауда  бай тәжірибеге ие.  

Біздің студенттерімізге  жоғары білікті отандық және шетелдік профессорлар білім береді.

ХИ ҒБО білім алушыларға  академиялық ұтқырлық шеңберінде  Кореяның (Sejong University), Малайзияның (University Sains Malaysia), Швейцарияның (Federal Polytechnic School of Lausanne), Испанияның (San Jorge University)  және т.б.  жетекші университеттері мен  ғылыми орталықтарында оқудан және тағылымдамадан өтуге  мүмкіндік ұсынады. 

ХИ ҒБО-да қосарлы оқыту жүйесі  енгізілген, ол  терең теориялық білімді  шынайы практикалық қызметпен ұштастырады, яғни, студент аудиторияда да, сондай-ақ өндірісте де  оқудан өтеді. Мұндай  мүмкіндікті біздің студенттерімізге  біздің келесі серіктестеріміз ұсынады: Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары (АНПЗ, ПНХЗ, ПетроКазахстан), Румыния (Petromidia)  және т.б. Бұл  оқыьту үдерісіндегі  жұмыс берушінің рөлін сөзсіз күшейтіп,  біздің түлектеріміздің  мейлінше сұранысқа ие болуыа ықпал етеді.

Студенттік өмір – бұл тек дәрістер, емтихандар ғана емес, сонымен қоса  көптеген конкурстар, интеллектуалдық ойындар, олимпиадалар,  спорт және саяхаттар, КТК-дағы ойын және әрине, химик-технологтардың  студентік  клубы  (ХТСК).

ХИ ҒБО  құрылған күннен бастап аз уақыт өтсе де,  біз көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Және ең бастысы – бұл біздің  түлектеріміз, олар келесідей ірі ұлттық және шетелдік компанияларда жұмыс істейді: «KazMunaiGas», «TengizСhevroil», NCOC, "Petrofac" (ОАЭ), «Atyrau Oil Refining”, "Schlumberger", «Karachaganak Petroleum Operating», Medherant (British Pharmaceutical Company), сондай-ақ  келесідей  әлемнің үздік ЖОО-да магистратура мен докторантурада білімдерін жалғастыруда: Warwick University (Ұлыбритания), Tokyo Institute of Technology (Жапония), KTH Royal Institute of Technology (Швеция) және т.б.

Өз күші мен  ақыл-ойына сенетіндер  өздерінің ең батыл жоспарларын құрып,  химиялық инженерия саласында  сұранысқа ие болғысы келсе, бізге қосылуға шақырамыз.

Барлықтарыңызға амандық,  сенімді достар,  оқуда табыс,  алға қойған мақсатқа қол жеткізуге  табандылық және  жалпы сәттілік тілеймін!

Құрметпен,

ХИ ҒБО  басшысы, хим.ғыл.док., ҚБТУ профессоры

Джамансариева Калыкыз Утемисовна.

 

"Химиялық инженерия" Ғылыми білім беру орталығы туралы

"Химиялық инженерия" Ғылыми білім беру орталығы (ХИ ҒБО) "Қазақстан-Британ техникалық университеті" АҚ-тың  (ҚБТУ) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.  2010 жылы "Химиялық инженерия"  кафедрасының базасында (2004ж.) химиялық инженерия және мұнай химиясы бағыттары бойынша  ғылыми, білім беру және ғылыми-өндірістік қызметті ұйымдастыру үшін  құрылған.

ҚБТУ Ұлыбританияда (мамандандырылған британдық Теңіз инжинирингі, ғылымдар және  технологиялар институтында   (IMarEST) инженерлік бағдарламалар қатарында «Органикалық заттардың химиялық  технологиясы» мамандығы бойынша  халықаралық   аккредитация алды.  IMarEST  Корольдік грамотасына және  Біріккен  Корольдіктің инженерлік кеңесінің лицензиясына сәйкес   аккредитация жүргізетін  әлемдегі  ірі институт болып табылады.

ХИ ҒБО миссиясы – Қазақстанның  мұнай химия және мұнай өңдеу саласындағы маңызды бағыттарды  инновациялық дамыту мәселелерін  шешуге бағдарланған, мұнай және газ өңдеу,  полимерлік материалдар, органикалық және мұнай химиялық заттектердің, мұнай химиясының синтезіндегі  заманауи технологиялар саласында жұмыс істейтін жоғары білікті мамандар даярлау.

ХИ ҒБО-ның негізгі қызметі қазіргі заманғы мемлекеттік және халықаралық ғылым және білім стандарттарына  сай  химиялық инженерия мамандықтарының  бакалавриат, магистратура және PhD-докторантура бағдарламалары бойынша  бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған.

Міндеттері:

  • білім беру қызметін, оқыту әдістемелерін жетілдіру;
  • мамандарды даярлауда халықаралық стандарттарды, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану;
  • Орталықты  ғылыми зерттеулердің деңгейі мен тиімділігін арттыруға арналған  заманауи құрал-жабдықтар және приборлармен жарақтандыру;
  • ғылыми және білім беру жобалары мен гранттарын іске асыру үшін  халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ету;
  • әлемнің жетекші ЖОО-мен бірлескен магистрлік және докторлық бағдарламалар;
  • оқытушылық-профессорлық құрамның ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелерінің  сұранысқа және бәсекеге қабілеттілігінің деңгейін арттыру.

Ұйымдық құрылымына  8 оқу, 6 мамандандырылған ғылыми-зерттеу зертханалары және компьютерлік сыныптар  кіреді. ХИ ҒБО-ның білім беру қызметі  екі ғылыми-зерттеу институтының  ғылыми әлеуетін тарту арқылы жүзеге асырылады:  А.Б.Бектұров ат. Химия ғылымдары институты және  Д.В. Сокольский ат. Отын, катализ және электр химиясы институты.

Қазіргі кезде ХИ ҒБО үш білім беру бағдарламасы бойынша  мамандар даярлауды жүзеге асырады:

Оқыту бағдарламалары

  • Бакалавриат: Оқыту мерзімі - 4 жыл 05B072100 - Органикалық заттардың  химиялық технологиясы;
  • Магистратура: Оқыту мерзімі - 2 жыл 06M072100 - Органикалық заттардың  химиялық технологиясы;
  • Докторантура: Оқыту мерзімі - 3 жыл
    06D072100 - Органикалық заттардың  химиялық технологиясы;
    06D072000 - Бейорганикалық заттардың  химиялық технологиясы;
    06D 073900 - Мұнайхимиясы.

Байланыстар:

ХИ ҒБО менеджері: Сапарбаева Нургуль Оразбаевна.

+7 (727) 291-57-84 Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Алматы қ.,Уәлиханов көш., 106-үй ( Шевченко көш. қиылысы), 112-кеңсе.


 

Аккредитация

  • ХИ ҒБО  бағдарламалары  НКАОКО (Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз  агенттік) рейтингі бойынша соңғы 8 жыл бойы Қазақстандағы  үздік деп  танылды;
  • Бағдарлама  халықаралық    аккредитациядан өтті (IMAREST, RoyalEngineeringCouncil, UK)
  • ХИ ҒБО  бағдарламалары  BTEC халықаралық агенттінен лицензияланды.
image