Деканның алғы сөзі

Құрметті талапкерлер!

Сіздің алдыңызда болашақ мамандықтарыңызды таңдау сәті тұр. Бұл сіздер үшін және сіздердің ата-аналарыңыз үшін ең жауапты әрі маңызды кезеңдердің бірі. Өйткені, мамандық таңдау университетті таңдау сияқты көп жағдайда адамның болашақ өмір жолын айқындайды. Сіздің болашақ мамандығыңызды таңдаған кезде, ең алдымен, қандай мамандықтардың келешегі зор екенін біліп, еңбек нарығындағы әрқашан сұранысқа ие болуға және халықаралық стандарттарға сай, лайықты жоғары білім алуға болатындығыңызды анықтаңыз.

 

Бүгінде қазақстандық экономиканың жоғары білікті мамандарға деген қажеттілігі бар екендігі бәріне мәлім. Алайда, жоғары техникалық білімі бар кадрларға сұраныс елде тұрақты өсіп келе жатқанын атап өткім келеді, бұл біздің факультетімізде оқуға деген қалауыңыздың дұрыс таңдау екендігін растайды.

Қазақстан барланған қорлар жөнінен, сонымен қатар қатты пайдалы қазбалардың негізгі түрлерін және көмірсутегі шикізатын өндіру деңгейі жөнінен әлемдегі жетекші орындардың бірін иеленеді. Қазақстан экономикасындағы мұнай-газ және тау-кен салаларының қарқынды дамуын ескере отырып, біздің факультетті таңдау арқылы өз болашағыңызға нық сеніммен қарауығызға болады.

 

Факультеттің басты басымдықтары әрқашан нарық талаптарына және тез дамып келе жатқан өндіріске негізделген мамандардың жоғары сапалы дайындығы болып табылады. Бізде оқу оңай емес, талапкерлерге және студенттерге қойылатын талаптар жоғары және жоғары сұранысқа ие және білікті кадрларды дайындауға бағытталған.

Факультеттің білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды даярлауды жоғары білікті оқытушылар жүргізеді.

Геология және минералдық барлау бағдарламасының 1 жылдық оқуын аяқтағаннан кейін сіз дайындық бейіндерінің біреуін таңдай аласыз:

  • Мұнай-газ геологиясы
  • Геология және қатты пайдалы қазбаларды барлау.
  • Іздестіру және барлаудың геофизикалық әдістері

Факультет білікті кадрлар даярлау үшін қажетті құралдарға ие.  Факультеттің жоғары интеллектуалды оқытушылары арқасында біздің түлектер жоғары халықаралық стандарттарға сай білім алды және іс жүзінде қазақстандық еңбек нарығында бәсекелестері жоқ. Сондықтан, өзіңізге және өз қалауыңызға сенімді болсаңыз, лайықты білім алуға және бәсекеге қабілетті болғыңыз келсе, біздің факультетімізге қош келдіңіз. Өз кәсібінің шеберлері қашанда сұранысқа ие!

Оқу мен студенттік өмірдің сәтті өтуін  тілеймін!

Факультет миссиясы- қазіргі заманғы нарық талаптарына және халықаралық стандарттарға сай келетін тау-кен және мұнай-газ өнеркәсібінде жоғары технологиялық және ғылымды қажет ететін өндірістер үшін жан-жақты даярлау және студентке бағдарланғау болып табылады:

  • Студенттердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту
  • Студенттердің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін және сыни ойлауды дамыту
  • Студенттердің жауапкершілігін арттыру
  • Оқу үдерісінде оқыту мен студенттердің өзіндік  белсенді білім алу қызметін ұштастыру
  • Оқытушым мен студенттің өзара тығыз қатынасын қолдау
  • Оқуға ынталандыратын инновациялық оқыту әдістерін кеңінен пайдалану.

Факультеттің негізгі бағыты білім беру процесінің негізгі нәтижесі ретінде жоғары сапалы оқу нәтижелерін алуға  бағытталған.

 

Факультет өз алдына келесі білім беру мақсаттарын қояды:

  • Нарық талаптарына жауап беретін білікті бакалаврлар мен магистранттарды жоғары сапалы оқытуға бағытталған үздіксіз жұмыс. Негіз - қазіргі заманғы білім беру технологияларын енгізу және факультеттің оқу-әдістемелік қызметін үздіксіз жетілдіру.
  • Білім, ғылым және өндірісті интеграциялау мақсатында профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-зерттеу жұмысының өсуін қамтамасыз ету
  • Органикалық бірлікте іргелі және қолданбалы зерттеулерді оқу үдерісімен іске асыру
  • Ғаламдық білім беру үдерісіне жетекші батыс университеттерімен өзара тиімді ынтымақтастық арқылы геологиялық және мұнай-газ саласының мамандарын даярлау сапасын жақсарту үшін бірігіп жұмыс істеу.
  • Өндірістік практиканы ұйымдастыру және ары қарай жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші кәсіпорындармен қарым-қатынастарды кеңейту
  • Негізгі техникалық білімді жоғары моральдық, рухани және патриотизммен үйлестіретін мамандар даярлау
  • Үздіксіз оқытудың тиімді формалары мен әдістерін іздестіру

Факультеттің басқару қызметін жетілдіру.

 

image