. .

События

Уже с завтрашнего дня, в течение двух дней (5-6 ноября) мы будем проводить профориентацию в Ваших школах, рассказывать о нашем ВУЗе, познакомим в живую с преподавателями  и самое главное - расскажем об условиях поступления⚡️

Круто, не так ли? А теперь записывайте номер нашего представителя👇🏼

Анеля: +7 (747) 666-37-87

#kbtu #kbtuday #кбту

Хэй, талапкер! Саған керемет жаңалығымыз бар!
Осы сенбі күні КБТУ-дың Ашық Есік Күні өтеді!
Сенің университетіміздің факультет декандары, оқытушылар, студеденттік ұйымдармен кездесуге, тарихи ғимаратымызбен танысуға және де білім беру бағдарламалары туралы білуге үлкен мүмкіндігің бар!

Біз ҚБТУ студенттері мен қызметкерлерін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Алпысбай Қазғұловтың суреттерінің көшірмесін тамашалауға шақырамыз.

ЖАҢА ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ  «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы іске асырылып жатыр. Оның мәні келесідей: 

ҚБТУ-дың Бағдарламалау бойынша олимпиадаларға даярлау секторы 2019-2020 жж. маусымға “Бағдарламашылар мектебіне” қабылдау жүргізілетінін хабарлайды.

ҚБТУ түлектерінің кездесуі 11.10.2019 ж. болады.

ҚБТУ «Денис Тен атындағы шәкіртақыға» конкурс жариялайды.

11 қыркүйекте басшылықтың 2-курс студенттерімен кездесуі болатыны жөнінде хабардар етеміз.

15 қыркүйек біздің дәстүрлі ҚБТУ кемпингтік тауларына саяхатымыз болады!

Бірінші курс студенттері ҚБТУ бағдарлау аптасы туралы білулері керек.

«Қазақстан-Британ техникалық университеті» Акционерлік қоғамы (БCН 011140004703) 2019-2020 жылына жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің бос орындарына Химиялық инженерия ғылыми-білім орталығына, Математика және кибернетика ғылыми-білім орталығына, Энергетика және мұнай-газ индустриясы факультетіне, Геология және геологиялық барлау факультетіне, Ақпараттық технологиялар факультетіне, Бизнес мектебіне, Халықаралық экономика мектебіне, Пән-бастау факультетіне, Қазақстан Теңіз Академиясына келесі лауазымдар бойынша іріктеу жариялайды: профессорлар, қауымдастырылған профессорлар, аға оқытушылар, оқытушылар, ассистенттер.

 

Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарына іріктеуге қатысуға, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген лауазымдардың үлгілік біліктілік сипаттамалары талаптарына сәйкес адамдар жіберіледі (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №5750 тіркелген).

Іріктеуге қатысуға ниет білдірген адамдар, жоғарғы оқу орны басшысының атына өтініш жібереді (ерікті нысанда). Өтінішпен бірге келесі құжаттар  тапсырылуы қажет:

1) кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;

2) өмірбаян;          

3) жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдарының, ғылыми атағы туралы құжаттарының көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;

4) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;

5) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

6) профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдары бойынша білім беру бағдарламасының жобасын немесе ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының жобасын ұсыну (10 слайдтан аспайтын Power Point пішінінде);

7) жеке медициналық кітапша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 бұйрығымен бекiтiлген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларына сәйкес;

8) медициналық және әлеуметтік түзету жөніндегі наркологиялық орталығынан іріктеуге қатысушының есепке алынбағандығы туралы анықтама;

9) іріктеуге қатысушының психикалық денсаулық орталығынан есепке алынбағандығы  туралы анықтама;

10) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Іріктеуге қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар және т.с.с.) бере алады.

Бос лауазымдарға өтініш беру хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде мына мекен-жайға жіберілуі тиіс:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 59, 506 бөлме, +7/727/357-42-49, e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..